Президент жариялаған жұмысшы мамандықтар жылы қоғамның әр саласында тынымсыз еңбек етіп жүрген жандарға үлкен қолдау. Слесарь Раушангүл Жетпісбаева осылай дейді. Слесарь-көзге көп көріне бермейтін, бірақ қоғам үшін маңызды қызмет атқаратын адам. Әдетте біз бұл саланы әйел затына тән емес деп жатамыз. Алайда, ол стереотипті жоққа шығарып, ер-азаматтармен қатар иық тірестіре жүріп еңбек етіп жүр.