Қостанайда қарымды қаламгер, ғалым, 300-ге жуық әннің сөзін жазған лирик ақын, 70-ке тарта кітаптың авторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспановтың «Тобыл ағады» атты шығармашылық кеші өтті. Бұл қазақ әдебиеті мен өнеріне өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның рухани мерекесі ғана емес, ұлт өнерін ұлықтаған ұлағатты кеш болды. Сыршыл ақынның 80 жылдығына орай өткен іс-шара туралы тілші баяндайды.