Арқалықта дарынды балаларға арналған спорт-интернат жатақханасы пайдалануға берілді. 100 жасөспірімге шақталған нысан «Салауатты өмір салты» жобасы аясында жүзеге асырылған. Бұл күні моноқалада, сондай-ақ, «Күрес зал» ғимараты да ресми түрде ашылды. Облыс әкімі шағын шаһарға арнайы жұмыс сапарымен барып, салтанатты іс-шаралар легіне қатысты.