Биыл шығыстанушы, зерттеуші, ұлт руханиятының жарқын жұлдызы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл. Осыған орай Сарыкөл ауданында тағылымға толы мерейтойлық іс-шара өтті. «Шығыстың шоқ жұлдызы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, Шоқан мұрасы мен ғылыми еңбектерінің маңызы кеңінен талқыланды. Жиналған зиялы қауым мен жас зерттеушілер тұлғаның тарихи рөлін тағы бір мәрте бағамдады. Сондай-ақ ұлттық құндылықтар жаңғыртылып, этноауыл құрылды. Өткен толайымды іс-шара жайында тілші тарқатсын.