Бүгін облыстың барлық мектептерінде жаңа оқу жылы басталып, білім ошақтары оқушылар үшін есігін айқара ашты. 1-ші қыркүйек – білім күні! Оқушылар мен оқытушылар қауымы үшін ортақ мереке саналатын салтанатты жиын Қостанайдағы нөмірі бірінші мектеп қабырғасында да іске асып, дәстүрлі үрдіс өз жалғасын тапты. Мұғалімдер оқушылармен қайта қауышып, алтын ұя табалдырығын 148 бүлдіршін алғаш рет аттады.