Ұлыстың ұлы күні қарсаңында облыстық мәдениет басқармасының «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының бастамасымен «Тіл мен дәстүр» атты байқау ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында жүзеге асқан іс-шара қала тұрғындары үшін көктем мерекесін жақындата түскен тамаша сый болды.