Темір тұлпар тізгіндеген аруларға құрмет! Мереке қарсаныңда Қостанай облыстық Полиция департаменті кезекті шара ұйымдастырды. Жол қозғалысы ережелерін бұзбай, үлгілі жүргізуші атанған нәзік жандыларға алғыс білдірді. Құшақтарын гүлге толтырып, көңілдерін көтерді. 

Іс-шараның ең ерекше сәті — полиция қызметтік көліктерінің флешмобы болды. 20-ға  жуық автокөлік сап түзеп, «8» санын бейнеледі. Темір тұлпарды тізгіндеген арулар тек отбасы да ғана емес, жол үстінде де жауапкершілік танытып, өзгелерге үлгі бола білді. Полиция қызметкерлері олардың қауіпсіздік ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін ерекше атап өтті.