Жаһандық білім, жаңа мүмкіндіктер! «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды. Өтінім қабылдау 3 наурыз – 17 қазан аралығында өтеді. Биыл 645 стипендия бөлініп, инженерлік, медициналық және техникалық мамандықтарға басымдық берілді. Конкурстық іріктеу 2025 жылдың 1 сәуірі мен 31 желтоқсаны аралығында өтеді. Өтінімдер egov.kz порталы арқылы қабылданады.

Нәзира Иман – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. Екі жыл бұрын Ұлыбританияға тағылымдамадан өтуге аттанған. Тыңғылықты дайындығы мен білімінің арқасында стипендияны бірден жеңіп алды. Жаңа мүмкіндіктерге ұмтылысын жақындары да қолдап, жас маман шетелге жанұясымен бірге барды. Назира жастарды осындай бірегей мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырады.