Қазақстанды бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ, әрі дамыған мемлекетті мекен ету біз үшін бақыт. Бұл туралы шешен-ингуш бірлестігінің өкілдері мәлім етті. Биыл Ассамблея ғана емес, аталған этно-мәдени бірлестіктің де құрылғанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында қазақ еліне бауыр басып үлгерген ұлт өкілдері татулықты ту еткен мемлекеттің гүлденуі жолында аянбай еңбек етуге дайын.