Қостанай қаласында бүгінде 121 шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам мен 26 сотталған есепте тұр. Олардың көбіне электронды білезік тағылған. Электронды бақылау құралдары қылмыстық жазасын өтеген және шартты түрде сотталғандарға қатысты қолданылады. Бұл жүйе құқық қорғау органдарының жұмысын оңтайландырып, сыбайлас жемқорлықты азайтуға да ықпал етуде.