Қаржы пирамидалары, спорттық ставкалар, ойын автоматтары миллиондаған жастың айықпас дертіне айналған. Ресми мәліметтерге сүйенсек бүгінде 300 мыңнан астам қазақстандық құмар ойынға тәуелді. Тіпті, бұл жағдай  ұлттық ауқымдағы мәселеге айналды. Жас буын құмар ойынның құрдымына кетпес үшін қаржылық сауаттылық керек.