«iKomek» ахуалдық орталығына жыл басынан бері 38 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 95 пайызы орындалды. Қалғаны қазір қаралу үстінде. Олардың басым бөлігі жол инфрақұрылымы, жарықтандыру, жол белгілерін орнатуға қатысты. Қалалық әкімдікте «iKomek» орталығының жұмысы қорытындыланды.