Облыста суға кеткен үйлерді бағалау жұмыстары аяқталуға жақын. Қазір апаттан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту шаралары жүріп жатыр. Бүгінде Үкімет резерві мен демеушілік қаражат есебінен Қостанай, Арқалық қалаларында 115 пәтер сатып алынды. Облыс орталығы мен басқа да өңірлерде жұмыс қарқынды.