Дарынды ақын, майталман журналист әрі шебер аудармашы Ғаббас Жұмабаев тірі болғанда биыл 100 жасқа толар еді. Осыған орай облыстық мемориалдық музейде салтанатты жиын өтті. Іс-шараға ақынның көзін көрген замандастары мен ұрпақтары қатысты. Жиналған студенттер ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылығына шолу жасады.