Инклюзивті қоғамды дамытуға, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтуға қостанайлық мамандар да үлес қосып жатыр. Облыс орталығында арнайы күтімді қажет ететін бүлдіршіндерге тың тәсілмен көмек көрсететін терапиялық кабинеттің жұмысы оң нәтиже бере бастады. Басты мақсат – инклюзияны қолдау, баланың қатарынан қалмауына жәрдемдесу.