2024 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша іс жүзінде экономикадағы негізгі салалардың барлық көрсеткіштерінің өсімі қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, құрылыс жұмыстарының көлемі - 6,9, өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 5,2 процентке ал негізгі капиталға салынған инвестициялар – 3,8 пайызға артты. Осы және өзге де көрсеткіштер туралы облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды.