Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының шығармашылық қоржыны тағы бір тың туындымен толықты. Ақын, драматург Ақылбек Шаяхметтің «Министр» атты деректі драмасының премьерасы өтті. Қойылымда заңғар тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт руханиятының жанашыры Ілияс Омаровтың өмірі мен биік болмысы суреттеледі.