«Біз туберкулезді жеңеміз» флешмобы өтті
24 наурыз дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні. Қостанайда осыған орай «Біз туберкулезді жеңеміз» атты флешмоб ұйымдастырылды. Медициналық колледж студенттері тұрғындарды жылына бір рет тексеруден өтуге шақырып, аурудың алдын алу шараларын ескертті.