Көктемнің шуақты күндері және Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына санаулы күндер қалды. «Қостанай» телеарнасының шығармашылық тобы көрермен назарына арнайы бағдарлама әзірледі. 22 наурыз күні, сағат 12-00 де облыстың бас арнасын қосып қоюды ұмытпаңыздар. Өнерпаздар әсем әннен сіздер үшін шашу шашып, ұлттық ойындар ойнатылады. Берекелі дастархан және тағы басқа қызықтар  «Алтыбақан аясында» өтеді.