Газдандыру – өңірді жандандыру. Халықты көгілдір отынмен қамтуда ілгерілеушілік бар. Былтыр бұл салада 11 жоба жүзеге іске асырылған. Нәтижесінде облыс бойынша халықтың газдандырылған деңгейі 58 пайызды құрады. Ал қала тұрғындарының газбен жабдықтау желілеріне қолжетімділігі 77 пайыздан астам. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндалды.