Отбасының цифрлық картасын енгізудің арқасында биылғы 1 қаңтардан бастап 43 мыңнан астам адам мемлекеттік қызметтерді белсенді көрсету үшін SMS-хабарлама алды. Өтінішсіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 5,3 мың адам пайдаланды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта отбасының цифрлық картасы мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді.