Сенімнің құны қымбат
Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен береке-бірлігінің негізі. Осы құндылықтарды нығайту мақсатында облыстық Аналар кеңесі құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмысты күшейтіп отыр. Негізгі бағыттар – отбасылық жанжалдардың алдын алу, зорлық-зомбылыққа жол бермеу және есірткі қылмысын ауыздықтау. Сонымен қатар тұрғындарды интернет-алаяқтықтан сақтандыруға да ерекше көңіл бөлінуде.
Өткен жылы облыстық Аналар кеңесі полиция департаментінің тұрмыстық және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімдерімен меморандум жасасқан. Ынтымақтастық аясында кеңес жұмысына құқық қорғау органдарының өкілдері мен психологтар тартылып, аудандардағы құрылымдармен тұрақты кездесулер ұйымдастырылуда.