Негізгі Жаңалықтар Мектептерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Мектептерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Оқушылардың қауіпсіздігі - жаңа оқу жылы қарсаңындағы басты назардағы мәселелердің бірі. Осыған орай полицейлер өңірдегі білім беру нысандарының аумағы мен мектептерге іргелес жолдардың жай-күйін тексерді. Мамандар жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуына, жол белгілері мен қоршаулардың жағдайына, сондай-ақ оқушылардың мектепке қауіпсіз қатынауына мүмкіндік беретін мәселелерге назар аударды.  

Жаңа оқу жылына өңірдегі барлық мектеп дайындалуда. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция білім беру ұйымдарының маңындағы жолдарды тексерді. Мамандар жол белгілері мен таңбаларының жай-күйіне, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге арналған жолақтардың талапқа сай болуына назар аударды. Тексеру барысында бірқатар кемшілік анықталып, оларды жою жөнінде тиісті нұсқаулар берілді. Ал жыл басынан бері 360-қа жуық білім беру нысаны тексерілген. Нәтижесінде анықталған кемшіліктердің басым бөлігі жойылды. Қалған жұмыстар полицейлердің бақылауында. Мектеп ішіндегі қауіпсіздік шаралары да күшейтілген. Қазір білім беру ұйымдарында полицияның жедел басқару орталығына қосылған 11 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Олар мектеп аумағындағы ахуалды тұрақты бақылауға және қажет жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.



Бөлісу

Аймақтық телеарналар