Негізгі Жаңалықтар Қостанайда кеме құрастырудан жарыс өтіп жатыр

Қостанайда кеме құрастырудан жарыс өтіп жатыр

Қостанайда кеме модельдеу спортынан 13-ші жазғы қазақстан оқушыларының гимназиядасы өтіп жатыр. Бұл бәсекеге мектеп оқушылары қатысып, су көліктерінің модельдерін құрастырудан және қайықтар мен желкенді кемелердің жылдамдығын анықтаудан сынға түсуде.

Жарысқа Орал қаласынан келіп отырған Аян Сағидола америкалық патрульдік кемесінің дәл көшірмесін дайындаған. Ол бос уақытының көбін түрлі үлгідегі кемелер жасауға арнайды. Бұл іспен айналысып жүргеніне екі жылға жуықтаған. Қаламызда өтіп жатқан бұл жарысқа тыңғылықты дайындалған. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар