Негізгі Жаңалықтар Мектепке дайындық қанша тұрады?

Мектепке дайындық қанша тұрады?


Жаздың соңғы айы – ата-аналар үшін қарбалас кезең. Жаңа оқу жылына санаулы күндер қалды. Ал мектепке баратын баланың киімі, аяқ киімі, сөмкесі мен оқу құралдарын түгендеу – отбасы бюджетіне айтарлықтай салмақ түсіреді. Биыл мектеп базарындағы баға қандай? Бір оқушыны жаңа оқу жылына дайындау үшін қанша қаражат қажет?

Мектеп базарында адам біршама. Ата-аналар балаларына киім таңдап, сөмке мен кеңсе тауарларын алып жатыр. Бірі сапасына мән берсе, енді бірі бағаны салыстырып жүр. Әсіресе бірнеше баласы мектепке баратын отбасылар үшін шығын көлемі тіпті еселенеді. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар