Негізгі Жаңалықтар Білім беру мекемелерінде басшы мамандар жетіспейді

Білім беру мекемелерінде басшы мамандар жетіспейді

Бүгінгі таңда облыстың білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдар бойынша 50 бос орын бар. Оның ішінде 15-і – балабақшаларда, 27-сі – мектептерде, тағы 8-і – қосымша білім беру ұйымдарында.

Облыстық білім басқармасының басшысының айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда бос басшылық лауазымдардың саны 17-ге азайған. 2025 жылы олардың саны 67 болған. Кадр тапшылығын шешу мақсатында министрлікпен бірлесіп, шағын жинақты мектептердің басшыларына қойылатын талаптар «педагог-модератор» деңгейіне дейін төмендетілді. Осының арқасында жаңа оқу жылы басталғанға дейін 16 басшылық лауазымды бос орынға маман тағайындау жоспарланып отыр. Осылайша, 34 бос басшылық лауазым әлі де қалмақ. Оларды толтыру үшін кадрлық резервпен жұмысты күшейту жоспарлануда. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар