Негізгі Жаңалықтар Киберқауіпсіздіктегі заманауи технологиялар

Киберқауіпсіздіктегі заманауи технологиялар

Қазіргі таңда киберқауіпсіздік мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Интернет пен цифрлық технологиялардың дамуы жаңа мүмкіндіктермен қатар, түрлі қауіп-қатерлерді де арттырды. Әсіресе ақпараттық жүйелерге заңсыз қол жеткізу, деректерді ұрлау, интернет-алаяқтық және цифрлық инфрақұрылымға жасалатын шабуылдардың алдын алу маңызды міндеттердің біріне айналды. Осыған байланысты мамандарды даярлау және заманауи технологияларды меңгерту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның бір мысалы – Ш. Қабылбаев атындағы академияда биыл жұмысын бастаған киберқауіпсіздік бөлімі. 

Бүгінде құқық қорғау саласының маманы тек дәстүрлі қызмет тәсілдерін меңгеріп қана қоймай, цифрлық технологияларды да еркін қолдана білуі қажет. Себебі қылмыстың жаңа түрлері ақпараттық кеңістікке ауысып, оны анықтау мен алдын алу үшін арнайы білім мен заманауи құралдар қажет. Осы бағыттағы жұмыстар Шырақбек Қабылбаев атындағы академияда да қолға алынған. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар