Негізгі Жаңалықтар Еріктілерге жаңа қолдау

Еріктілерге жаңа қолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026- жылды Халықаралық волонтер жылы деп жариялады. Ел Президентінің бұл ұсынысы халықаралық деңгейде қолдау тауып, еріктілер еңбегінің маңызын арттыра түсті.

Бүгінде елімізде волонтерлік қозғалысқа 300 мыңнан астам адам қатысады. Бұл бастамадан қостанайлық еріктілер де шет қалып отырған жоқ. Өңір жастары қайырымдылық, экологиялық акциялар мен қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысып келеді. Ел бойынша жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» сияқты жобаларға да жергілікті волонтерлер өз үлесін қосуда. Еріктілік - қазақ қоғамындағы асар мен өзара көмек дәстүрлерінің заманауи жалғасы. Енді бұл тәжірибенің жастар үшін маңызы арта түспек. Мәдениет және ақпарат министрлігі волонтерлік қызметті жұмысқа орналасу кезінде еңбек өтілі ретінде есептеу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл әсіресе студенттерге пайдалы болмақ. Сонымен қатар еріктілерді сақтандыру тетігі де әзірленуде. Яғни волонтерлердің қоғамға қосқан үлесі қолдаумен қатар, нақты мүмкіндіктерге де ұласпақ. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар