Азық-түлік бағасы бақылауда
Күнделікті тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдерінің қолжетімді болуы – әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды көрсеткіштерінің бірі. Қостанайда олардың бағасына апта сайын мониторинг жүргізіліп, сауда орындарындағы ахуал сараланады. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімі 19-дан 31 өнімге дейін кеңейді. Бағаны тұрақтандыру үшін тұрақты бақылаумен қатар, тауарлық интервенциялар мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері де ұйымдастырылуда.