Арқалық әуежайы қайта жанданды
Арқалық аспанында тарихи сәт. Мемлекет басышысының берген тапсырмасы толықтай орындалып, халықтың көптен күткен арманы шындыққа айналды. Ұзақ үзілістен кейін Арқалық әуежайы қайта жанданып, қала көгіне ұшақ көтерілді. Енді арқалықтықтар діттеген жеріне жету үшін көлікпен 6-7 сағат жол жүрмейді. Әуе кемелерінің арқасында ұзақ сапарды небәрі 40 минутта еңсереді.