Заңның үстемдігі мен қоғамдық тәртіп - әр азаматтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Осыған орай Қостанай облысында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті облыстық департаменті алғашқы жартыжылдықтағы жұмысын қорытындылады. Брифинг барысында мамандар рақымшылық туралы заңның жүзеге асырылуы, өңірдегі қылмыстық ахуал, азаматтардың өтініштері мен мемлекеттік бақылау жұмыстары туралы баяндады.