Өңірде орман өртінің қаупі әлі де жоғары. Жыл басынан бері облыс аумағында 33 тоғай өрті тіркелген. Дегенмен дер кезінде анықтау мен жедел әрекеттің арқасында жалын шарпыған аумақ көлемі айтарлықтай азайған. Мамандардың айтуынша, өрттің басым бөлігі даладан таралған жалынның салдарынан болады.