Жазғы демалыста балалар қауіпсіздігі төтенше жағдайлар қызметтерінің ерекше бақылауында. Күн сайын жүргізілетін профилактикалық жұмыстарға қарамастан, қайғылы оқиғалар әлі де тіркелуде. Терезеден құлау, ересектердің қарауынсыз суға түсу және қауіпті жерлерде ойнау балалардың өміріне қатер төндіріп келеді. Осылардың алдын алу мақсатында мамандар жиі рейд өткізіп, ата-аналармен кездесулер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ересектер не істеуі керек?