Жаз басталғалы Қостанай облысында өрт қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. Осыған байланысты орманды қорғау жұмыстары күшейтілген режимде іске асып жатыр. Орман шаруашылығының мамандары күн сайын бекітілген аумақтарды аралап, жағдайды бақылауда ұстап, кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет етуге дайын.