Осындай қатты нөсер кезінде және қар мен жаңбыр суын бұру үшін облыс орталығында арнайы су арналары салынуда. Бұл жұмыстар 2023 жылы басталған. Мамандар ең алдымен екінші Қостанай мен Солтүстік-Батыс бөліктеріне назар аударған. Биыл да ұл жұмыстар жалғасып жатыр.
Еріген қар мен жаңбыр суының еркін ағып кетуін қамтамасыз ету мақсатында жылғаларды жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Аталған жұмыстар 2023 жылы басталған. Сол мерзімде ұзындығы 22 шақырымды құрайтын су арналары жөнделді. Әкімдік мамандары бастапқы кезеңде тұрғын үйлердің ауласына су кірмеуіне ерекше көңіл бөлген.
Аталған жұмыстар биыл да жалғасын табуда. Жоспарға сәйкес, жалпы ұзындығы 8,1 шақырым болатын су арналары жөндеуден өтеді деп күтілуде. Жөндеу барысында жол жиектері де ескеріледі.
Қазіргі уақытта қала бойынша жағдай тұрақты. Мамандар су арналары мен жылғаларды қоқыс пен құм-топырақтан үнемі тазартып отырады. Бұл жұмыстар еріген қар мен жаңбыр суларының қала көшелерінде іркілмей, еркін ағып кетуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.