Жәндіктер мен құстарға арналған үйшіктер, пластикті қайта өңдеуге бағытталған жобалар және экологиялық өнертабыстар. Экологтар күніне орай Қостанайдағы №19 жалпы білім беретін мектепте ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Оған қала мен аудан мектептерінің оқушылары қатысып, өз жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды.
Бүгінгі экологиялық бастамалардың негізгі мақсаты - жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және экологиялық мәдениетін дамыту. Экологтар күніне орай №19 мектепте шикізатты қайта өңдеуге арналған шеберхана ашылып, облыста алғаш рет осы мектеп базасында велошредер іске қосылды. Сонымен қатар құстар мен жәндіктерге арналған үйшіктер көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шарада ұсынылған жобалар қалдықтарды қайта өңдеу, энергияны үнемдеу және қоршаған ортаны қорғаудың заманауи тәсілдеріне бағытталды.
: Іс-шара барысында экологиялық бағыттағы бірнеше жоба таныстырылды. Солардың бірі - пластик бөтелкелерден 3D бұйымдар жасауға мүмкіндік беретін құрылғы. Ал арнайы велошредердің көмегімен пластик қақпақтар ұсақталып, кейін қайта өңдеуге жіберіледі. Мамандардың айтуынша, өңделген шикізаттан түрлі тұрмыстық бұйымдар жасауға болады
: Сонымен қатар қыс мезгіліндегі көктайғақпен күресуге арналған жоба да таныстырылды. №19 мектеп оқушылары құрастырған қондырғы құм-тұз қоспасына балама экологиялық материал әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл жоба
жоғары бағаланып, білім ордасына 300 мың теңге көлемінде сертификат табысталды.
: Ал, ұйымдастырылған шағын көрмеге қала мен аудан мектептерінен келген 15 қатысушы 20-дан астам жұмысын ұсынды. Олардың қатарында құстарға арналған ұялар, жемсалғыштар мен жәндіктерге арналған арнайы баспаналар бар. Барлық жұмыстар оқушылардың өз қолымен жасалған.
Іс-шара соңында үздік жұмыстар анықталып, ең белсенді қатысушылар марапатталды. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді дейді. Іс-шарадан кейін құстарға арналып