Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік мәдениетін бала кезден қалыптастыру - аса маңызды міндет. Осы мақсатта Қостанайдағы нөмірі 18 - ші мектепте арнайы алдын алу шарасы ұйымдастырылды. Онда балалар жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін еске түсіріп, ойын түріндегі тапсырмаларды орындады.
«Жолдағы балалар!» атты республикалық акция аясында оқушылар жол ережелерін сақтаудың маңызы мен ондағы мәселелер жайында хабардар болды. Іс-шараға мектептің жас жол инспекторлары қатысып, балаларға жол қозғалысындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
Жас жол инспекторларының құрамында он оқушы бар. Соның бірі Роман Борисов - жасақ командирі. Роман бұл жасаққа бесінші сыныпта қабылданып, жақсы нәтижелер көрсеткені үшін көшбасшысы атанған. Ол командасымен бірге балаларға тақырып бойынша шағын қойылымдар көрсетіп, маңызын жеткізді.