Мерекенің ең жарқын сәті – бүлдіршіндердің «Менің елім, менің туым» банеріне аспан түстес бояумен өз алақандарының ізін қалдыруы болды. Бұл шара жас ұрпақты отансүйгіштікке баулудың ерекше үлгісіне айналды. Сондай-ақ, фотоаймақта сәтті суретке түскен тұрғындарға арнайы сыйлықтар табыс етілді

 Осылайша, «Жеті қазына» фестивалі қостанайлықтардың Мемлекеттік рәміздер күнін жоғары деңгейде, көтеріңкі көңіл-күймен атап өтуіне таптырмас мүмкіндік сыйлады. Мерекелік шара аясында арнайы ұйымдастырылған фотоаймақта белсенділік танытқан тұрғындар ұлттық нақыштағы кәдесыйлар мен мемлекеттік рәміздер атрибутикасына ие болды. Айтулы іс-шара Қостанай қаласы әкімдігінің қолдауымен жоғары деңгейде өткізілді.