Мамандардың айтуынша, бүгінде отбасы институты үлкен өзгерістерге ұшырады. Азаматтық неке ұғымы жиі кездеседі. Облыста 16 мыңнан аса азамат балаларына алимент төлеуден жалтарып жүр. Ал бір айда 100 - ге жуық отбасы некені бұзу үшін сотқа жүгінсе, соның 80-і ажырасып тынатын көрінеді. Бейбіт Нұрмұханов жалғастырады.
Қостанай өңірі еліміз бойынша ажырасу санатында көш басында емес. Дейтұрғанмен статистикалық мәліметтердің көрсеткіші бойынша, алдыңғы қатарға таяу екені көрсетеді. Яғни шаңырақ көтерушілермен ажырасушылар теңдік үлесі соңғы үш жылда 50 пайыздан асады.
: Иә, бұл көрсеткіш ажырасу деңгейінің жыл сайын артып келе жатқанын аңғартады. Отбасы институтының беріктігін сақтау мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар кешенді шаралар қолға алынуда. Атап айтқанда, отбасылық
құндылықтарды насихаттау, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара түсіністік пен жауапкершілікті арттыру.
Ажырасу – мәселенің алғашқы емес, отбасы үшін ең соңғы шешімі. Мамандардың айтуынша, ажырасуға көбіне ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушілік пен өмірге деген көзқарастардың сәйкес келмеуі себеп болады.
: Осы ретте психолог мамандар, ажырасу кезінде ерлі-