Форумнан кейін диалог алаңы ұйымдастырылды. Онда конституциялық реформалардың маңызы талқыланды. Жиынға Мәжіліс депутаты Абзал Құспан қатысып, «Заң мен тәртіп» идеологиясының қоғамдағы рөліне тоқталды
Диалог алаңының негізі тақырыбы - конституциялық реформалар. Конституция - бұл заңдылықтың, құқықтық тәртіптің, тұрақтылықтың кепілі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан құқық қорғау саласы үшін маңызды бағыттардың бірі - «Заң мен тәртіп» қағидатын тілге тиек етті.
Мемлекет басшысы біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруы тиіс екенін айтты. Бұл - бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз, деді Президент. Бұл стратегиялық мақсат өте жоғары кәсібилікті талап етеді.
Жиынға қатысушылар заң үстемдігін қамтамасыз ету мен азаматтық жауапкершілікті арттыру – ел дамуының басты кепілі екенін айтты. Мұндай кездесулер қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты нығайтады. Сондай-ақ конституциялық реформалардың мән-маңызын тұрғындарға түсіндіруге мүмкіндік береді.