Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі егіс науқанының аяқталуы және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов кеңеске тікелей эфир арқылы қатысты. 2026 жылы 23,8 миллион гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға көп. Президенттің тапсырмасына сәйкес, егіс алқаптарының құрылымы әртараптандырылып, жоғары рентабельді және әлеуметтік мәні бар дақылдарға арналған жерлердің көлемі ұлғайтылуда.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері Үкімет назарында