Бүгін Қостанайға жабайы жылқы - кертағының тағы бір легі Германияның Берлин қаласынан тікелей ұшақпен жеткізілді. Бұған дейін бірінші маусымда төрт жылқы Чехиядан әкелінген еді. Сонымен биыл елімізге жеткізілген кертағы саны 8-ге жетті.
Ұшақтан түсірілген жылқылар көліктерге тиеліп, Торғай өлкесіндегі Алтын Дала резерватына дейін тағы 500 шақырымнан аса жол жүреді. Жол бойы жабайы жануарлардың жай-күйін қорықшылар, ветеринар мамандар бақылап отырады. Кертағылар Қазақ даласынан шамамен 200 жыл бұрын жойылып кеткен. Арада екі ғасыр өткенде, 2024 жылы елімізге алғаш рет 8 кертағы жеткізілді