: Саламатты өмір-денсаулықтың кепілі. Қостанайда студенттер мен белсенді жастар арасында спорттық марафон өтті. Таңсәріден жиналған қатысушылар дене жаттығуларын жасап, түрлі спорттық ойындар мен жарыстарға қатысты. Шараның мақсаты – белсенді өмір салтын насихаттап, патриоттық құндылықтарды дәріптеу.

: Марафонға қатысушылар алдымен сергіту жаттығуларын орындап, кейін спорттық сайыстарда бақ сынады. Белсенді жастар мұндай шаралар денсаулықты нығайтып қана қоймай, елге деген сүйіспеншілікті арттыратынын айтады.

Спорттық марафон жастардың белсенділігі мен бірлігін тағы бір мәрте көрсетті. Қатысушылар мұндай бастамалар сергек өмірді қалыптастыруға және спортқа деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді дейді.