Қазақстанда адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау бағдарламасы кеңейтіліп, енді қосымша түрде 14 пен 17 жас аралығындағы қыз балалар да иммундаудан өте алады. Бұл – онкологиялық аурулардың алдын алуға бағытталған маңызды профилактикалық шара.

Елде адам папиллома вирусына қарсы жоспарлы вакцинация 11 жастағы қыздарға жүргізіліп келеді. Сонымен қатар 12-13 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін қосымша иммундау ұйымдастырылған.

Ағымдағы жылдың 1 маусымындағы мәліметке сәйкес, облыс бойынша 11–13 жас аралығындағы қыздарға 2662 профилактикалық екпе салынған. Оның ішінде

• 1111 қыз - бірінші дозаны,

• 1551 қыз - екінші дозаны алған.

Мамандар вакцинадан кейінгі қолайсыз жағдайлар тіркелмегенін айтады.