Әжелердің әні – сахнаның сәні. Меңдіқара ауданындағы «Әжелер» ансамбліне биыл жиырма жыл. Осы уақыт аралығында өнер ұжымы аудан жұртына кеңінен танылып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Мәдениет саласының өркендеуіне елеулі үлес қосты. Жиырма жыл бұрын ансамблді жасақтап, бүгінге дейін жетекшілік етіп келе жатқан – белгілі композитор Бақытжан Сәуекенов.

Әжелер де әдемі болуы керек. Әсіресе сахнаға шыққанда. Алайда ең бастысы тыңдаушының жүрегіне жететіндей, ән әсерлі шығуы тиіс. Ал жақсы нәтиже қашанда үлкен жауапкершілік, тыңғылықты дайындық, ауыр еңбекпен келеді. Мұны еңбек ардагерлері жақсы түсінеді.

Тағы бір айта кететін жайт Қуаныш Сәуекенова ансамбль жетекшісі Бақытжан Сәуекеновтың жұбайы. Екеуінің шаңырақ құрғанына биыл 56 жыл. 6 бала тәрбиелеп өсірген. Қуаныш апайдың негізгі мамандығы педагог, бірақ жасынан өнерге құштар болыпты. Кейін зейнетке шыққасын жұбайының өмірдегі ғана емес, өнердегі де серігіне айналған.

Ансамбль атына сай өз репертуарына тәрбиелік мәні бар әндерді таңдайды. Бақытжан Сәуекеновтің айтуынша өнердің

негізгі миссиясы да сол - адамзатты ізгілікке, жақсылыққа тәрбиелеу.

Ансамбль аудан, облыс деңгейіндегі мәдени шараларға белсенді қатысады. Қазақ халқының музыкалық мұрасын насихаттаушылардың қатарында. Мәдениет саласын дамытудағы осы қызметі үшін өнер ұжымы әр жылдары түрі грамоталар мен және алғыс хаттармен марапатталған.