Қостанайда мектеп түлектері мен колледж студенттеріне арналған «Студенттік Арбат» атты ашық ақпараттық алаң ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – жастарға кәсіби бағдар беріп, болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін қолайлы орта қалыптастыру. Толығырақ тілші бейнематериалында

«Студенттік арбат» ашық алаңы белсенді би, жарқын көңіл күймен басталды. Мұнда Қостанай облысындағы 15 колледж жиналған.

Айрин Әбдікәрімова 9-сынып оқушысы. Ол көрмеге болашақ мамандығын таңдау үшін келген. Айринді кәсіпкерлік саласы қызықтырады, сол себепті осы бағыттағы мүмкіндіктермен танысуда.

Көрмеге қатысқан колледж өкілдері талапкерлерге мамандық таңдауда ең алдымен өз қызығушылығы мен бейіміне сүйену қажет екенін айтты. Ұсыныстар сан алуан.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар мектеп түлектеріне мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беруге көмектеседі. Ашық алаң барысында оқушылар колледж өкілдерімен еркін тілдесіп, оқу бағдарламалары мен болашақтағы жұмыс мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат алды.