Сонымен қатар жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары да назарда. Қостанай қаласы әкімдігінде өткен жиында Марат Жүндібаев осыған қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
Қала бойынша 11-сыныпты 1573 түлек тәмамдады. Оның 54-і «Алтын белгіге» үміткер. Ал 9-сыныпты 3 мыңнан астам оқушы бітірді. Аттестаттарды тапсырудың бірыңғай күні облыс бойынша 18 маусымға белгіленген. Сонымен қатар биыл мектеп бітіру кештерінде ақша жинауға, мейрамханаларда банкет өткізуге және аниматорлар тартуға ресми түрде тыйым салынған.