Инвестор болуға алғашқы қадам. Қостанайда жастарға арналған стартап экожүйесін дамытуға бағытталған жаңа алаң қалыптасып келеді. Өңірлік Smart-орталығында өткен кездесуде жас кәсіпкерлер мен IT саласына қызығатын жастар венчурлық инвестиция негіздерімен танысты.
Алайда жастар идеяны дамытудан кейін, оны жүзеге асыру үшін қаражат керек екенін түсінеді. Сондықтан оларға жобаны дұрыс әзірлеп, оны сауатты түрде ұсына білу дағдыларын білікті мамандар түсіндіруде. Бүгінгі жаңа білім алаңында инвесторлардың назарын аудару тақырыбы ерекше назарда. Осы мақсатта Қостанайға арнайы спикер шақыртылды.