Жастардың қоғамдағы рөлін арттыру, олардың бастамаларын қолдау және өзекті мәселелерді талқылау. Кейінгі буынның үні тек ірі қалаларда ғана емес, шалғай ауылдарда да естілуі керек. Себебі өңірдің дамуы - олардың идеясы мен бастамаларына тікелей байланысты. Қостанайдың жастары жиналған алаңда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева мен Аманат партиясының хатшысы ашық әңгіме өрбітті.

«BIR TOLQYNDA» жобасы еліміздің әр өңірінде түрлі бағыттарды қамтып келеді. Ал Қостанайдағы кездесу барысында жастар саясаты, цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласының даму мүмкіндіктері кеңінен талқыланды. Қатысушылардың айтуынша, қазіргі жастар заман талабына сай білім алып қана қоймай, жаңа технологияларды меңгеріп, қоғамдағы өзгерістерге белсенді араласуға дайын болуы қажет.