Қарабалық ауданындағы №2 жалпы білім беретін мектепте Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай қазақтың «Бас ақыны» әрі ұлы ағартушы Абай Құнанбайұлына арналған музей ашылды. Бұл бастаманы жергілікті меценаттар, ұстаздар мен оқушылар қолдады. Мұражайда архивтік материалдар жинақталып, тақырыптық алаңдар ұйымдастырылған. Жаңа рухани орталықтың ашылуы аясында Дала данышпанының өмірінен сахналық қойылым ұсынылды.
Музей ашу бастамасы мектеп ұжымында жарты жыл бұрын көтерілген. Осы уақыт аралығында жан-жақтан материалдар жиналып, экспозиция жасақталды. Мұражайдың ашылуына тіпті Семейдегі Абай әдеби-мемориалдық музейі де қолдау көрсетіп, Қарабалыққа Хәкімнің хаттары мен архивтік құжаттарының көшірмелерін жолдаған.